Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ТЕГІН ЖҮЗУ САБАҚТАРЫНА ТІРКЕЛУ АЯҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ТЕГІН ЖҮЗУ САБАҚТАРЫНА ТІРКЕЛУ АЯҚТАЛДЫ

Маусымның 4-і мен тамыздың 31-і аралығында алып шаһарда  өтетін тегін жүзу сабақтарына тіркелу өз мәресіне жетті. Бұл бағдарлама «Спорттық Алматы» әлеуметтік жобасының аясында 8-12 жас аралығындағы балалар арасында жүзеге асырылады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Айта кетер жайт, балалар топтарға бөлінеді, бағдарлама бойынша әр балаға 12 жаттығу қарастырылған. Біріншіден, бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысады. Осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда, жоспарланғандай 2000 бала тіркеліп үлгерген, сәйкесінше бос орын жоқ. Бағдарлама жаздың соңына дейін жалғасады.

Кәсіпқой бапкерлер жеткіншектерді бассейндермен қамтылған алты спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. Олар Сейфуллина 404 – Aquastars, Тимирязев, 41 — Aquastars (Республикалық спорт колледжі), Яссауи 1Б – Aquastars, Өтеміcұлы 1 (Шаңырақ ықшама уданы), Алғабас-1 ықшам ауданы (Almaty Arena), Сортировочная 4 – «H20» көшелерінде орналасқан.

Айта кетсек, барлық бассейндер СЭС тексерулерінен өткен. Бұл мәліметті айқындайтын анықтама бассейннің керебесінде ілініп тұратын болады. Осылайша, олардың тазалығын өздеріңіз тексере аласыз. Сонымен қатар, әр ата-ана өз баласына жауапты екенін ұмытпағанымыз жөн. Егер бала науқас болса, жүзу сабақтарынан босатылады.

Сондай-ақ

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік …