Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫСТА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫСТА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

 

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында арқан тарту, гір көтеру, қол күрестен жарыс өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл сайыс Қазақ спорт және туризм академиясының спорт кешенінде жеті ЖОО-нан келген 100-ге жуық қыздар мен ұлдар арасында өтіп, осы спорт түрлерін дамытып, үздік командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша, қол күрестен үздік болып ҚазСТА студенттері Баян Аманбайқызы мен Артем Морозов атанды. Ал, гір көтеруден (16 кг) мықты болып 120 рет көтерген ҚР ҰҚК ШҚ академиясының студенті Максим Хряпков болса, арқан тартуда болашақ шекара қызметкерлері ұлдар арасындағы жарыста бірінші орын алса, ал, қыздар арасында үздік болып КазСТА студенттері танылды.

— Жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Аздап қобалжыдым, себебі мені ұтып кететін қатысушылар да болды. Алайда, мен өзімді көрсете білдім, өте қуаныштымын. Гір көтеру спорты негізі бұлшықетті дамытуға жақсы көмектеседі. Осымен бесінші жыл айналысып келемін, қазір алдағы уақытта Венгрияда өтетін Еуропа чемпионатына дайындалудамын– деп ҚР ҰҚК ШҚ академиясының студенті, Еуропа және Қазақстан чемпионы Максим Хряпков өз ойымен бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медалдармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

14 наурыз күні Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен …