Басты бет / Әлем / РОЙ ДЖОНС МАНСАБЫН ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАДЫ

РОЙ ДЖОНС МАНСАБЫН ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАДЫ

49 жастағы боксшы Рой Джонс Бүкіләлемдік бокс одағының белбеуін сақтап қалды.

Төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Рой Джонс карьерасындағы соңғы жекпе-жекте отандасы Скотт Сигмонды жеңді.

49 жастағы боксшы 10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, 90,71 келідегі көпшілікке танымал емес Бүкіләлемдік бокс одағының (WBU) белбеуін сақтап қалды.

Жекпе-жек Джонс дүниеге келген Флорида штатындағы Пенсакол қаласында өтті. Айта кетейік, дәл осы қалада ол 1989 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, америкалық Рикки Рэндалландан үстем түскен болатын.

Жалпы карьерасында Джонс 66 жеңіске жеткен. Оның 47-де қарсыластарын нокатқа түсірген. Бес кездесуде жеңіліп қалған. Сонымен қатар ол 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Рои өзінің жекпе-жектерінің біразын АҚШ еліне өткізген. Одан басқа Ресейде 4 рет, Латвия, Польша және Аустралия елдерінде бір реттен кездесу өткізген. Бокс тарихындағы орта салмақта, екінші орта, жартылай ауыр және ауыр салмақта әлем чемпионы болған тұңғыш боксшы. Онымен қоса Рой Джонс музыкалды және актерлік мансабымен белгілі. 2001 жылы ол рэп стиліндегі алғашқы альбомын жазды, ал 2003 жылы «Матрица: Перезагрузка» фильмінде капитан Баллард рөлін сомдады.

 

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий