Басты бет / Қысқы спорт / СЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

СЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

Бүгін Пхенчханда Олимпиада ойындары басталды. Қазақстан сапынан жарысқа шыққан алғашқы спортшы Сергей Ткаченко іріктеу кезеңінде 51-орынға тұрақтады.

Ерлер арасында 90 м шаңғымен трамплиннен секіру бойынша квалификациялық кезеңге қатысқан отандасымыздың көрсеткіші 83,7 құрайды. Жалпы саны 57 спортшы қатысқан жарыста Сергей Ткаченко 51-орынмен финалға өте алмады.

Естеріңізге сала кетсек,Пхенчханда Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді. Биыл Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі.

 

Сергей Ткаченко не бәрі 18 жаста. Осыған қарамастан Олимпиада ойындарына жолдама алуы үлкен жетістік болып табылады. Қазақсатнның болашақ трамплин спорты оындай жастардың арқасында дамитыны сөзсіз.

Спортшымыз 2016 жылы Лиллихамерде өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысып, 16-шы орыннан көрінген болатын. Алматы қаласындағы Спорт және Туризм Академиясында білім алуда.

Сондай-ақ

БАЙСУФИНОВ: «АЛДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ШЕТЕЛДЕ ОЙНАЙТЫН БЕС ФУТБОЛШЫ ШАҚЫРТУ АЛМАҚ»

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов команданың алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен …

Добавить комментарий