Басты бет / Велоспорт / АЛМАТЫНЫҢ Apple Team ВЕЛОКОМАНДАСЫ UCI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫН АЛДЫ

АЛМАТЫНЫҢ Apple Team ВЕЛОКОМАНДАСЫ UCI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫН АЛДЫ

2017 жылдың қыркүйек айының 30-ы күні көпшілікке таныстырылған Алматының континенталдық Apple Team велокомандасы UCI халықаралық лицензиясына ие болды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл лицензия алдағы уақытта команданың үлкен дәрежедегі турларға қатысуына мүмкіндік береді. Ол туралы ақпарат федерацияның ресми сайтында xабарланды. Осыған орай команданың спорттық директоры Евгений Яковлев былай деді.

— Біз, әрине өте қуаныштымыз. Осыны ұзақ күткен едік және сол үшін тыңбай еңбек еттік. Енді, біз өзімізді команда ретінде көрсетуіміз керек, алға ешқандай биік мақсаттарды қоймаймыз. «Алматы Тур» көпкүндігінде Алматыда өнер көрестеміз деп үміттенемін. Барлық ұйымдастырушылар біздің осы лицензиямызды күткен еді, енді жаңа жоспарлар мен кестелер және өзгерістер енгізілу мүмкін, сондықтан ұсыныстарын күтеміз, — деді Евгений Яковлев.

Айта кетер жайт, Apple Team құрамында UCI-ға кірген 15 жас әрі кәіспқой велошабандоздар бар. Олар, енді Алматының және Қазақстанның намысын үлкен жарыстарда қорғамақ. Олар: Илья Давиденок, Артур Федосеев, Дмитрий Риве, Ислам Усманов, Шакир Адилов, Николай Зайцев, Антон Лаврентьев, Вадим Галеев, Олег Земляков, Илья Горбушин, Павел Гацкий, Дмитрий Лукьянов, Максат Аязбаев, Александр Гладилин, Юрий Щербинин.

— Бұл біз үшін өте жағымды жаңалық. Осы лицензияны біз ұзақ күттік, сендік, бірақ күмәндану кездері де болды, оңсыз болмайды ғой. Алайда, осы жылға біз жлтоқсан айынан дайындалып келеміз, қазір Ыстық Көлде қызу дайындық үстіндеміз. Алда, көптеген жарыстар күтіп тұр, барлығы да жақсы болады деп ойлаймын, – деп Apple Team капитаны Мақсат Аязбаев өз ойымен бөлісті.

Биылғы жылы спортшылар 16 турға қатысатын болады, оның ішінде жылда өтетін «Тур Алматы» да бар. Қазір команда Ыстық Көлде өтіп жатқан жиында алдағы болатын жарыстарға дайындық жүргізуде. Одан ары Туркияға аттанып, сол жақта өз бақтарын сынап көретін болады. Алғашқы жарыстардың нәтижесі бойынша үздік спортшылар анықталмақ

Сондай-ақ

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ «Fight Night» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингінде көш бастады, – …

Добавить комментарий