Басты бет / Кәсіпқой бокс / ФИРУЗА ШАРИПОВА ЕКІ БІРДЕЙ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІКТІ ИЕЛЕНДІ

ФИРУЗА ШАРИПОВА ЕКІ БІРДЕЙ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІКТІ ИЕЛЕНДІ

Алматыда кәсіпқой бокстан қыздар арасында өткен жекпе-жекте қазақстандық Фируза Шарипова бельгия спортшысы Джемилла Гонтарюкті жеңіп, WBC Silver және IBO нұсқалары бойынша жеңіл салмақта чемпион атанды. 
Сенбі күні екі минуттан он раундқа жалғасқан кездесу қорытындысы бойынша төрешілер (100-89, 100-90, 100-90) қазақстандық боксшы қызды жеңімпаз деп таныды. Бұл 23 жастағы Шарипованың кәсіпқой бокстағы тоғызыншы кездесуі. Ол сегіз жекпе-жекте жеңіске (оның үшеуінде — нокаутпен) жетіп, бір кездесуде ұтылған.

Кәсіпқой рингте осы жолы он тоғызыншы кездесуін өткізген 25 жастағы Гонтарюк бұған дейін он үш жекпе-жекте жеңіске (екі нокаут) жетіп, біреуін тең аяқтап, бес рет жеңілген.

Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион қыз Фируза, WIBA және WBU алғашқы чемпиондық белдігін 26 тамызда Астанада жеңіп алған болатын.

Фото -
Фото -
Фото -
Фото -
Фото -
Фото -
 Суреттер today.kz сайтынан алынды.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …

Добавить комментарий