Басты бет / Қысқы спорт / АЛМАТЫ ҚҰРАМАСЫ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

АЛМАТЫ ҚҰРАМАСЫ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстанда IV-ші қысқы республикалық спартакиада аяқталды. Ол қарашаның 11-і мен желтоқсанның 28-і аралығында өткізілді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ашылу салтанаты Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өткен болатын. Спартакиада төрт жылда бір ұйымдастырылатын жарыс. Оның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, Қазақстанның үздік спортшыларын анықтау және ұлттық құраманың толағайларын халықаралық жарыстарға дайындау болып табылады.

Биылғы жарыс қысқы спорттың 17 түрінен өткізілді, оның 7-і Алматыда өтті. Олар, шорт-трек, керлинг, қыздар арасындағы шайбалы хоккей, фристайл (ски-кросс), шыңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, таушаңғы спорты.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша, Алматы құрамасының спортшылары жалпы командалық есепте 571 ұпай жинап, жеңіске жетсе, Шығыс Қазақстан облысының командасы ШҚО 558 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті 388 ұпаймен Астана қаласының толағайлары түйіндеді.

Айта кетер жайт, бұл спартакиада Қазақстанның 14 командасының қатысуымен еліміздің алты қаласы және облыстарында өткізілген болатын. Командалар жинаған ұпайлары арқылы рет-ретімен келесі орындарға жайғасты: Алматы (357), Солтүстік Қазақстан (353), Акмол (267), Қарағанды (205), Қостанай (148), Ақтөбе (140), Павлодар (122), Батыс-Қазақстан (102), Жамбыл (86), Оңтүстік Қазақстан (65) және Маңғыстау (56) облыстары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұлдар арасындағы шайбалы хоккей және конькимен жүгіру спортынан Астанада, мәнерлеп сырғанаудан Шымкентте, биатлон және шаңғы жарысынан Алматы облысында, фристайл могул мен акробатика, сонымен қоса сноуборд және шаңғымен бағдарланудан ШҚО, допты хоккейден Орал қаласында марапатталған еді. Олар кубок, медал және грамоталармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, алдында өткен 3 спартакиадада Шығыс Қазақстан облысының спортшылары қатарынан жеңімпаз атанған болатын. Осы жолы алматылықтардан тек 13 ұпай ұтылып, екінші орын алды.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …

Добавить комментарий