Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Алматы қаласында 1000 аса әуесқойлардың қатысуымен велошеру маусымының жабылуы өтті. 

21-ші велошеру қатысушылары әдеттегідей таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, Астана алаңына қарай 8 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Мәреге бірінші келген 600 әуесқойға медалдар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында көптеген бағалы сыйлықтар, оның ішінде басты сыйлық — 10 велосипед ойнатылды. Бүгінгі басты сыйлықтың иегерлерінің бірі болып «Спорт без границ» қозғалысының мүшесі Данияр Баразбаев атанды:

— Алматы қаласы әкімдігіне, «Спорттык Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушыларына осындай спорттық іс-шаралар үшін, сондай-ақ біздің де жобаларға қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін. Достар спортмен айналысайық, келесі жылы көріскенше, — деп атап өтті велошерулердің тұрақты қатысушысы.

Айта кетер жайт, енді әрбір жексенбі күні 19:00-ден 21:00-ге дейін Медеу мұзайдынында «Спорттық Алматы» ұйымдастырушылары коньки тебуді тегін үйрету бағдарламасын іске қосады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы велошеру маусымы 10 сәуірде басталған болатын. Жалпы 21 велошеруге 21 мыңнан астам адам қатысты. Бүгінгі велошеру «Hawaii» аквапаркі, «Fuse tea» және «Bon aqua» компанияларының демеушілігімен өтті.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда

 

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …

Добавить комментарий