Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / АТЫРАУДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ПАРАДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

АТЫРАУДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ПАРАДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

Қыркүйектің 7-сі күні Атырау облысында бұрын-соңды болмаған парадзюдо бәсекесі өтеді. Осыған орай бүгін «Гран при Қазақстан-2017» додасы алдында  баспасөз мəслихаты өтті.

Бұл тек Атырау облысында ғана емес, елімізде тұңғыш рет өтіп отырған дүбірлі дода. Сайыста АҚШ, Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Əзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары сынға түседі. Айтулы шараның алғаш рет Атырау қаласында өтуінің де өз мәні бар. Себебі осы облыс спортшылары елімізде номері бірінші болып табылады. Онымен қоса Ануар Сариев тұңғыш рет Паралимпиада ойындарына қатысып, бесінші орыннан көрінген болатын.

Баспасөз мəслихатында Халықаралық зағиптар спорттық ассоциациясының Азия жəне Мұхит аралық спорт директоры Джон Врайн Сикос (Корея) пен осы ұйымның төрешілер директоры Кеничи Шошидо (Жапония) мырзалар қатысты. ҚР Парадзюдо федерациясының президенті Досалиев Қанатқали Төлегенұлы барша қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі:

— «Бүгінгі турниріміз мұнайшылар күніне арналып отыр. Сондықтан да Атырау қаласында өткізілуі заңдылық. Елімізге осындай үлкен спорттық серпіліс сыйлаған ұймдастырушыларға алғысымды білдіремін», — деді федерация президенті. Онымен қоса биылғы турнирге 50-ден астам спортшы қатысып отыр. Оның 17-ші Қазақстандық спортшылар.

Атырау облысы парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақов осы турнирді дәстүрлі түрде өкізуге тырысатынын айтты. 

«Спорт жұлдыздары республикалық»журналының бас редакторы, профессор Мусағали Тасқалиев  Джон Врайн Сикос (Корея) пен  Кеничи Шошидо (Жапония) мырзаларға «Дружба народов» медалін табыс етті. Сонымен қатар марапатталғандар арасында Атырау облыстық парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақов пен облыс спортының дамуына үлес қосып жүрген Раушанов Асан жəне Жандос Қияновтар болды.

ҚР парадзюдо федерациясының президенті Қанат Досалиев Шошидо мен Врайн мырзаларға қазақтың дəстүрімен шапан жауып құрмет көрсетсе, облыстық парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақов осы турнирдің өтуіне үлес қосқан азаматтарды алғыс хат жəне естелік медальдармен марапаттады. Арасында «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мусағали Тасқалиев пен «Президент жəне Халық» газетінің тілшісі Еркін Бақтияров бар.

60, 66, 73, 81, 90, 100 және +100 келі салмақтарда спортшылардың жеребе тарту рәсімі өтті. Турнир ертең Мұз айдыны сарайында өтеді. Белдесулер 10:00-де басталады. Ашылу салтанаты 17:00-де.

Сондай-ақ

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГІ: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ӨТКЕН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Бокстан Конфедерация кубогінде аймақтардағы іріктеу кезеңдері аяқталып, турнирдің жартылай финалына жеткен командалар белгілі болды. 9 …