Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ЖҮЗУДЕН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ЖҮЗУДЕН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Конституция күніне орай, «Рахат» орталық жүзу бассейнінде 1999-2005 жылғы балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден қала біріншілігі өтті.

Бұл чемпионаттың басты мақсаты үздік спортшыларды анықтау, қаладағы жүзу спортын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Қала чемпионаты ҚР жүзу Федерациясы және Халықаралық жүзу федерациясының регламентіне сәйкес ұйымдастырылды.

Алматы қаласының жүзуден бас бапкері Александр Сергеевич:

— Жарыс биылғы маусымды ашты. Чемпионат күзгі жаттығуларға дайындық ретінде өткізіледі. Әлбетте, мұндай жарыстарға Баландин секілді спорт шеберлері қатыспайды, сонымен қатар, спортшылардың басым бөлігі халықаралық жарыстарға аттанған. Бірақ, дегенмен, қаламыздың үздік жүзу шеберлері қатысты. Біз үшін бұл чемпионат өте маңызды, өйткені біз қала құрамасына үздіктерді іріктейміз.

Жарысқа БЖСМ, БЖСМОР, ДБИМ және Алматының спорт клубтарына қатысып жүрген спортшылар өзара мықтыны анықтады.

Біріншіліктің бағдарламасына 100 м баттерфляй, 200 м еркін жүзу, 200 м арқамен жүзу, 200 м брасс және 200 м комплекстік жүзу кірді.

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегері Елмұрат Римханұлы:

— Бірнеше қашықтықты жүзіп өттім, түрлі стильдерде. Жалпы, чемпионат жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Жазғы дайындықтан кейін жақсы жарыс деп ойлаймын. Біз жаз бойы, демалассыз Азия чемпионатына дайындалдық. Сондықтан, бұл жарыс айтулы, көптен-күткен дода алдында жаттығу үшін керемет мүмкіндік.

Чемпионат Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

4 алтын медаль иегері Алина Костенко:

— Осы спорт түрімен үш жылға жуық шұғылданамын. Бүгінгі чемпионат мен үшін аса маңызды, алдағы жарысқа дайындық деп ойлаймын. Қыркүйектің 6-сы күні, Ташкентке, Азия чемпионатына аттанамыз. Жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделермен елге ораламыз деген үміттемін. Мен арқамен жүзу, еркін жүзу, баттерфляй және комплекстік жүзуден төрт алтынды олжаладым, нәтижелеріме ризамын.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталды.

Назарларыңызға бүгінгі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тізімін ұсынамыз:

Арқамен жүзу, 200 метр:

2001-02 жж. ұлдар:

I – Дмитрий Куликов

II – Диас Игасанов

Қыздар:

I – Анастасия Резванцева

II – Корлан Амирханова

III – Диана Абдреева

2003 жж. ұлдар:

I – Елмұрат Римханұлы

II – Сергей Имощенко

III – Никита Живица

Қыздар:

I – Алина Костенко

II – Мария Сагынтай

Баттерфляй 2001-02 жж. ұлдар:

I – Эрик Завизион

II – Тимур Кадыров

Қыздар:

I – Корлан Амирханова

II – Камилла Валиева

III – Евгения Дин

2003 жж. ұлдар:

I – Руслан Николенко

II – Сергей Лиющенко

III – Бекзат Өзбеков

Қыздар:

I – Алина Костенко

II – Яна Матвеева

III – Юлия Абдракова

Брасс, 1999-2000 ұлдар:

I – Данил Ли

II – Филипп Циттеркопф

2001-2002 жж. ұлдар:

I – Рахимжан Ашбаев

II – Эрик Завизион

III – Алан Аймұxамбетов

Қыздар:

I – Камилла Валиева

II – Снежана Калагикова

III – Евгения Дин

2003 жж. ұлдар:

I – Сергей Присежнюк

II – Руслан Николенко

III – Елмурат Римханулы

Қыздар:

I – Альджеди Наурызбаева

II – Юлия Абдразакова

III – Виктория Каржавова

Еркін жүзу, 2001-2002 жж. ұлдар:

I – Лев Черепанов

II – Рахим Агибаев

III – Егор Макешин

Қыздар:

I – Әміржанова

II – Настя Печенкина

III – Резванцева

Сондай-ақ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ҮШІНШІ ЖЕҢІСІНЕН КЕЙІН ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫ ӨРЛЕДІ

Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО), Кардифф қаласындағы «Ice Arena Wales» аренасында өткізген кәсіпқой бокстағы үшінші …