Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ЖҮЗУДЕН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ЖҮЗУДЕН ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

 

Тамыздың 30-і күні Алматыда 1999-2005 жылғы балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден қала біріншілігі  өтеді. Жарыс  Конституциясы күніне арналады.

Бұл чемпионаттың басты мақсаты үздік спортшыларды анықтау, қаладағы жүзу спортың дамыту және салауатты өмір салтын  насихаттау.  Қала чемпионаты  ҚР жүзу Федерациясы және Халықаралық жүзу федерациясының регламентіне сәйкес ұйымдастырылады.

Жарысқа  БЖСМ, БЖСМОР, ДБИМ және Алматының спорт клубтарына қатысып жүрген  спортшылар  өзара мықтыны анықтайды. Біріншіліктің бағдарламасына 100 м баттерфляй, 200 м еркін жүзу, 200 м арқамен жүзу,

200 м брасс және 200 м комплекстік жүзу кіреді.

Бұл чемпионат Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтетін болады.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар  және медальдар табысталады.

Өтетін орны: «Рахат» бассейні, Абай көщесі 48

Өтетін уақыты:Басталуы 14:00-де

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий