Басты бет / Басқа түрлер / ДМИТРИЙ БАЛАНДИН УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин ел қоржынына Тайпейде өтіп жатқан Универсиаданың қола жүлдесін салды.

Қазақстандық  брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуден финалда жеңімпаздан сәл ғана қалыс қалып, 1 минут және жүзден 17 көрсеткішімен мәреге келді. Бұл жарыста белорус Илья Шиманович жеңімпаз атанды — 1 минут жүзден 15. Мұндай нәтижені америкалық Эндрю Уилсон да көрсетіп, жеңімпаз фотофиништің көмегімен анықталған болатын.

Бүгін Баландин Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған 200 метр қашықтыққа жүзуден жарысады.

Естеріңізге сала кетсек, «Kazsport» Тайпейде өтіп жатқан Универсиаданы тікелей эфирде көрсетуде.

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий