Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АҚТӨБЕ» ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ БЕЙӘДЕП ӘНДЕРІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

«АҚТӨБЕ» ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ БЕЙӘДЕП ӘНДЕРІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің «Қайрат» командасы тарапына қарата айтқан бейәдеп әндеріне қатысты өз шешімдерін шығарды.

Ақтөбелік команда жанкүйерлері қарсылас команданың намысына тиетін сөздер мен бейәдеп сөздерге толы ән шырқағаны үшін клубқа 500 мың теңге айыппұл салынды. Егер мұндай жағдай кезекті рет қайталанатын болса, команда өз алаңындағы ойындарын жанкүйерлерсіз өткізуі мүмкін. Сондай-ақ 30 шілде күні өткен «Ақтөбе» – «Қайрат» ойынында жауапты инспектор болған Павл Салийды да кездесу хаттамасында жанкүйерлердің тәртіпсіздігін жазбағаны үшін жауапқа тартты.

Тәртіптік-бақылау комитеті оқиғаны БАҚ пен интернетте жарияланған видеоматериалдар негізінде қараған. Бүгін Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті ойында тәртіпсіздік танытып, бейәдеп ән шырқаған бірнеше жанкүйерлерді жауапқа алғаны жайлы да хабарлады. Оларға 90 760 теңге көлемінде айыппұл салынатын болады. Өзге де жанкүйерлер іздестіріліп жатыр екен.

massaget.kz

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий