Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АСТАНАНЫҢ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

«АСТАНАНЫҢ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Астана» Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі

Бүгін, яғни 4-ші тамыз күні Щвейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе бойынша «Астана» Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы ойын Шотландияда 15/16 тамыз күні, жауапты матч 22/23 тамыз Астанада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» командасы өткен жылы «Селтикпен» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде кездескен болатын. «Астана Аренадағы» ойын 1:1 есебімен аяқталса, «Селтик Парктегі» кездесу 2:1 есебімен шотландиялықтардың пайдасына аяқталған еді.

Сондай-ақ

2017 ЖЫЛҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР

Өткен 2017 жылғы қортынды бойынша «Ең үздік спортшы – 2017 жыл» номинациясы бойынша спортшыларды жас …

Добавить комментарий