Басты бет / Әлем / ЭНТОНИ ДЖОШУАНЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ ФРАНЦУЗДЫҚ БОКСШЫ КАРЛОС ТАКАМ

ЭНТОНИ ДЖОШУАНЫҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ ФРАНЦУЗДЫҚ БОКСШЫ КАРЛОС ТАКАМ

Карлос Такам 28 қазанда ауыр салмақтағы WBA Super, IBO және IBF белбеулерінің иегері Энтони Джошуамен жұдырықтасады.

Энотони Джошуа жақында ғана Ұлыбританияда жылдың үздік боксшысы деген марапатқа ие болған еді.

Францияда тұратын 36 жастағы Камерун тумасы Такам Джошуаның IBF тұжырымы бойынша міндеттің қарсыласы болған болгариялық Кубрат Пулевті алмастырады. Болгариялық боксшы ауыр жарақат алып қалғандықтан шаршы алаңға шықпайтыны жарияланды.

Карлос Такам 38 жекпе-жектің 35-інде жеңіске жетіп (27 нокаутпен), екі рет жеңіліс тауып және бір рет тең түскен.

Джошуа — Такам жекпе-жегі 28 қазанда Кардиффте (Уэльс) өтеді.

Назарларыңызға, Энтони Джошуаның Такамға қарсы өтетін жекпе-жегіне арнайы ұйымдастырылған ашық жаттығуы.

Сондай-ақ

«АРСЕНАЛ» СЫРТ АЛАҢДА «ЭВЕРТОНДЫ» ЖЕҢДІ

Ағылшын Премьер-лигасының 9-шы кезеңінде өткен «Эвертон» — «Арсенал» ойынында, Арсен Венгердің командасы жеңіске жетті. «Эвертон» …