Басты бет / Әлем / «АЛТЫН ДОП — 2017» ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАН 30 ҮМІТКЕР

«АЛТЫН ДОП — 2017» ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАН 30 ҮМІТКЕР

Франциялық France Football басылымы 2017 жылы «Алтын допқа» үміткер 30 ойыншының тізімін жариялады.

Бұл тізімге келесідей ойыншылар енді: Неймар («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Марселу («Реал»), Пауло Дибала («Ювентус»), Н`Голо Канте («Челси»), Ян Облак («Атлетико»), Серхио Рамос («Реал»), Филиппе Коутинью («Ливерпуль»), Дрис Мертенс («Наполи»), Луис Суарес («Барселона»), Роберт Левандовски («Бавария»), Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Кевин Де Брейне («Манчестер Сити»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Эдин Джеко («Рома»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Тони Кроос («Реал»), Садио Мане («Ливерпуль»), Радамель Фалькао («Монако»), Лионель Месси («Барселона»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Д), Матс Хуммельс («Бавария»), Эдинсон Кавани («ПСЖ»), Карим Бензема («Реал»), Криштиану Роналду («Реал»), Леонардо Бонуччи («Милан»), Иско («Реал»), Эден Азар («Челси»), Кильян Мбаппе («Монако»).

Айта кетейік, биыл «Алтын допты» үздік футболшыға қашан берілетіні әлі белгісіз. Ал өткен жылы бұл атақты мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жеңіп алған болатын. Үздік фуболшыны анықтауға әлемнің барлық елінің спорт тілшілері қатысады.

France Football басылымы «Алтын допты» 1956 жыл 2010 жылдар аралығында беріп келді. 2010 жылдан бері бұл жүлде «ФИФА-ның үздік футболшысына» берілетін атақпен бірігіп кетті.

Ал, 2016 жылы France Football ФИФА-дан бұл марапатты алып, үздік ойыншыны қайта өзі жеке марапаттай бастады.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …