Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев / АЙДАР ШӘРІБАЕВ ҚАЗАННЫҢ 28-І КҮНІ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

АЙДАР ШӘРІБАЕВ ҚАЗАННЫҢ 28-І КҮНІ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

Алматылық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев 19 қазан күні АҚШ-тың Атланта қаласында кезекті жекпе-жегін өткізу керек болған. Алайда соңғы сәтте бұл кездесу кейінге шегертілді. Енді Айдар қазанның 28-і күні шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Бокс кеші Американың Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы Foxwoods Resort Casino кешенінде өтеді. 8 раундтан тұратын бұл дәреже көтеру жекпе-жегі Айдар үшін өте маңызды. Осыған дейін 6 кездесу өткізіп, әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген жерлесіміз жеңіл салмақта әлем чемпионы болуды армандайды. Білікті бапкер Дерик Сантос Росарионың қол астында тер төгіп жүрген Айдар нағыз бабында екенін айтады. Осыдан төрт ай бұрын мұхит асқан Шәрібаев алдына қойған мақсатына жету үшін шүмектеп тер төгіп жүр.

«Туған жеріме деген сағынышты ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Майамиде жүрген төрт ай ішінде талай қиындықтар бастан өтті. Енді міне, жекпе-жек жақындағанда тағы да өзгерістер орын алды. Кез келген жеңістің оңайшылықпен келмейтінін жақсы білем. Сондықтан алдыма қойған мақсатыма жету үшін барлық қиындыққа төзуге дайынмын», – дейді Айдар Шәрібаев.

Ақпарат көзі: Diamondring.kz

Сондай-ақ

«АРСЕНАЛ» СЫРТ АЛАҢДА «ЭВЕРТОНДЫ» ЖЕҢДІ

Ағылшын Премьер-лигасының 9-шы кезеңінде өткен «Эвертон» — «Арсенал» ойынында, Арсен Венгердің командасы жеңіске жетті. «Эвертон» …