Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев / АЙДАР ШӘРІБАЕВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

АЙДАР ШӘРІБАЕВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Отандасымыздың жекпе-жегі Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы «Foxwoods Resort Casino» кешенінде өтеді.

Бокс жанкүйерлері асыға күткен тағы бір жекпе-жек жақындап келеді. Алматылық боксшы Айдар Шәрібаев (6-5,5 КО) қазанның 28-і күні кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы Колумбиялық Карлос Падилла Меза (16-6-1, 10 КО)

Бокс кеші Американың Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы «Foxwoods Resort Casino» кешенінде өтеді. Кәсіпқой боксқа 2010-шы жылы келген 28-жастағы Карлос Падилла осы уақытқа дейін 23 жекпе-жек өткізіп, соның 16-сында жеңіске жеткен. 6 кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, біреуінде тең түскен.

«Қарсыласымды бүгін ғана біліп жатырмын. Соңғы кездесуін осы жылдың тамыз айында Америкалық Остин Дулаймен өткізіпті. Тәжірибесі өз алдына, өте төзімді екен. Қара күшке ие қара жігіттің осал тұстарын да байқадым. Енді барлығын шаршы алаң көрсетеді», -дейді Айдар Шәрібаев.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізген Айдар Шәрібаев барлығында жеңіске жеткен болатын. Төрт ай бойы Майамиде тер төгіп жүрген жерлесіміз бұл жолы да өз жанкүйерлерін қуантады деген үміттеміз.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …