Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АТЫРАУЛЫҚ САЯСАТОВ ЕЛАМАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АТЫРАУЛЫҚ САЯСАТОВ ЕЛАМАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Беларусь астанасы Минск қаласында Муай-Тай спортынан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде екі алтын медаль еншіледі.

3-13 мамыр аралығында өткен әлем чемпионатына 69 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан намысын 17 муай-тайшы қорғаған болатын. Спортшыларымыз жалпы саны жеті медаль еншіледі.

«А» санатындағы қас шеберлер сайысында Атыраулық спортшы Еламан Саясатов күміс жүлдегер атанды. Финалда Еламан Муай-Тай спортының отанынан келген Тай спортшысына 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл екі спортшы әлемдік ареналарда бірнеше рет кездескен болатын. 75 келі салмақта Вадим Лопарев қола жүлдегер атанды.

«В» санатында 60 келі салмақ дәрежесінде Астана қаласының спортшысы Алмаз Сәрсембаев чемпион атанды. Өзінің Халықаралық дәрежедегі алғашқы жарысына шыққан жас муай-тайшымыз жігерлік танытып, қарсыласының барлығын тізе бүктірді.  Одан бөлек 45 келі салмақта Алексей Магдеев чемпион атанды. 48 келіде Бақытжан Арифханов күміс жүлдегер, 51 келіде Дидар Жеңіс және 71 келіде Намик Нафталиев қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатына бармастан бұрын Қазақстан құрамасы Алматы қаласындағы таулы аймақтарда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген болатын. Ендігі мақсат Бүкіл әлемдік ойындарға лицензия ұтып алу. Қазіргі күні Қазақстан құрамасы сапынан  63,5 келі салмақта Галиев Әбіл ғана лицензия алып үлгерді.

Сондай-ақ

ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

  Алматыда, мамырдың 13-інен бастап он екі ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі …