Басты бет / Без рубрики / 4-5 қараша күні болатын кәсіпқой боксшылар арасындағы додаларға қысқаша сараптама

4-5 қараша күні болатын кәсіпқой боксшылар арасындағы додаларға қысқаша сараптама

4 қараша күні Монако, Монте-Карлода британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты кездесуде жартылай ауыр салмақтағы (79.3 кг) ресейлік боксшы Дмитрий Бивол жасар толыққанды WBA атағын алғаш рет 29 жасар аустралиялық Трент Броадхерсттан (20(12KO)-1(1KO)-0) қорғайтын болады. Айта кететін жайт, американдық Андре Уорд мансабын аяқтағаннан кейін уақытша чемпион болған Бивол толыққанды чемпион атағына көтерілген болатын. Биволдың кәсіпқой мансабына келсек 11 кездесу өткізссе де бұл боксшы чемпион атанып қана қоймай, HBO сияқты телеалыптың көзіне түсіп үлгерген еді. Ал аустралиялық Броадхерстка келсек ол бокс сүйер қауымға аса танымал емес, себебі Аустралиядан тыс жерде жұдырықтаспапты.

Бұл бокс кешінде назар аударатын бір кездесу бар. Біздің отандасымыз Жанат Жақиянов өнер көрсететін жеңілірек салмақтағы (53.5 кг) тұрақты WBA чемпионы британдық Джейми Макдоннел (29(13 KO)-2-1) өзінің атағын алтыншы рет венесуэлалық 35 жасар Либорио Солистан (25(11 KO)-5-0) қорғайтын болады. Айта кететін жайт, екі боксшы бір жыл бұрын осы Монте-Карлода кездесіп Макдоннел төрешілер шешімімен (116-112; 115-113; 117-111) жеңіске жеткен еді.

5 қараша күні АҚШ, Нью-Йоркта болатын бокс кешіне келетін болсақ. Бруклинның шаршы алаңында өте тартысты жекпе-жектер болатыны сөзсіз. Андеркарттық кездесулерден бастасақ бірінші жартылай орта салмақтағы (63.5 кг)Қазақстанның тумасы 28 жасар ресейлік Сергей «Самурай» Липинец  (12(10 KO)-0-0) осы салмақтағы абсолютті әлем чемпионы американдық Тэренс Кроуфорд жартылай орта салмаққа ауысқаннан кейін вакантты IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін 32-жасар жапониялық  Акихиро Кондомен (29(16KO)-6-1) жұдырықтасатын болады.

Осы кештің тағы бір қызықты кездесуі жартылай орта салмақтағы 30 жасар американдық Шон «Шоутайм» Портер (27(17KO)-2-1) мен  28-жасарт мексикандық Эдриан «Тигре» Гранадос (18(12KO)-5-2) арасында вакантты WBC Silver атағы үшін жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтың топ-боксшылары Кит Турман мен Келл Бруктан ғана жеңілген Портер осы кездесуден соң Турманмен қайта кездесуге қарымды. Ал соңғы кездесуінде Эдриен Бронердан даулы түрде төрешілер шешімімен жеңілген Гранадос үшін бұл кездесу өзінің жағдайын жақсарту үшін жақсы мүмкіндік болмақ.

Назарларыңызға рақмет! Сіздер үшін dodasport-тың бокс сарапшысы Қ. Мақсат.

Сондай-ақ

АЙДАР ШӘРІБАЕВ ДАУЛИС ПРЕСКОТТЫ БІРІНШІ РАУНДТА НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

Қазақстандық Айдар Шәрібаев бүгін АҚШ-тың Киссими қаласында кәсіпқой бокстағы өзінің жетінші жекпе-жегін өткізіп, бұл жолы …