Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев / АЙДАР ШӘРІБАЕВ НОКАУДПЕН ЖЕҢДІ

АЙДАР ШӘРІБАЕВ НОКАУДПЕН ЖЕҢДІ

 

Қазақстандық жас кəсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев (6-0-0, 5КО) қарсыласы Орландо Ризоны (Никарагуа, 19-9-0, 11КО) тізе бүктірді.

Жеңіліс тауып көрмеген Айдар Шәрібаев Чикагода өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол никарагуалық боксшы Орландо Ризамен жұдырықтасты. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Шәрібаев осы раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Отандасымыз өзінің жеңіліссіз сериясымен кəсіпқой бокс биігіне ұмтыла бермек.

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …