Осы күнгі архивтер: 22.08.2017

БЕКӘДІЛ ШАЙМЕРДЕНОВ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Тайпей елінде жазғы Универсиада ойындары жалғасуда. Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті. Дзюдо күресінен 73 келі салмақта белдескен Бекәділ Шаймерденов қола жүлдегер атанды. Шешуші белдесуде Алжир балуанынан басым түсті. Бұл Қазақстан құрамасының бесінші жүлдесі. Бұдан бұрын Дмитрий Баландин мен Арей Чонтей қола, Айдар Қазов пен Альберт Линдер алтын медаль еншілеген …

толық оқу»

АЙДАР ҚАЗОВ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Отандасымыз 77 келі салмақта қос сайыс қорытындысы бойынша 331 (145+186) келіні бағындырып бірінші орын алды. Екінші орынды Ресейлік Вячеслав Яркин 330 (150+180), үшінші орынды Канадалық Веллемарре Алекс 316 (147+169) иеленді. Естеріңізге сала кетейік, Универсиада ойындарындағы алғашқы алтынды тағы бір ауыр атлет …

толық оқу»

«ҚАЖЫМҰҚАН ТАСЫН» КӨТЕРГЕН ЖАС БАЛУАН

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, ақсулық Әміре Бағұстар елордалық этноауылда өткен «Тас көтеру» жарысының жеңімпазы атанды. Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды. Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. “Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ГОЛЬФТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА АШЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Тамыздың 23-і мен 24-і күндері «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 5-17 жастар аралығындағы балалар арасында ашық ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. Айта кетер жайт, жарысқа барлық қалаушылар қатыса алады. Сонымен қатар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген спортшылар да бақ сынасатын болады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен …

толық оқу»

ДЕМЕУ ЖАДРАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Парижде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Алғашқы болып жарыс жолына шыққан грек-рим күресі шеберлері төрт салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды Демеу Жадраев 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен күміс жүлде иеленді. Ол финалда неміс балуаны Франк Штеблерден жеңіліп қалды. Бұл салмақта қоланы ирандық Мұхаммедали Гераеи мен ресейлік Адам Кураку …

толық оқу»

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин ел қоржынына Тайпейде өтіп жатқан Универсиаданың қола жүлдесін салды. Қазақстандық  брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуден финалда жеңімпаздан сәл ғана қалыс қалып, 1 минут және жүзден 17 көрсеткішімен мәреге келді. Бұл жарыста белорус Илья Шиманович жеңімпаз атанды — 1 минут жүзден 15. Мұндай нәтижені америкалық Эндрю Уилсон да көрсетіп, …

толық оқу»

АЛБЕРТ ЛИНДЕР УНИВЕРСИАДА РЕКОРДЫН ЖАҢАРТЫП, ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Тайпейде өтіп жатқан Универсиада ойындарында  ауыр атлет Альберт Линдер Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз бастапқыда 148 келі көтеріп, кореялық ауыратлетке есе жіберген (153 келі). Дегенмен жұлқа көтеруде Линдер қарсыласынан асып қана қоймай, Универсиаданың екі рекордын орнатты. Бастапқыда ол 180 келіні көтерді, ал екіншісінде — …

толық оқу»