Осы күнгі архивтер: 03.08.2017

ШІЛДЕ АЙЫ ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ ҮШІН ҚАНШАЛЫҚЫ ТАБЫСТЫ БОЛДЫ?

Кәсіпқой бокста жүрген боксшыларымыздың шілде айында өткізген кездесулері: 2 шілде 2017 жыл. Beiren Outdoor Stadium Fatou Chemical, Бейжің, Қытай. Мирас Жақыпов (Қазақстан, 1-0-0) — Тик Туэрхунжианг (Қытай, дебют), 4 раундтық кездесу жартылай жеңіл салмақта (57,1 келі — 126 фунт) өтіп, 1 раундта техникалық нокаутпен Жақыповтың жеңісімен аяқталды. 7 шілде 2017 …

толық оқу»

БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Филиппин елінде өтуде. Жарыстың екінші күні жеті бірдей Қазақстан боксшысы шаршы алаңға шығып, жетуі де жеңіске жетті. 60 келіде Бекзат Ерімбет Кореялықты, 80 келіде Сағындық Тоғайбай Ирандықты және +81 келіде Арнұр Ахмеджанов Моңғолиялықты уақытынан бұрын тізе бүктірді. 52 келіде Бейбарыс Жексен Тайпейлікті, 70 келіде Ерасыл …

толық оқу»

СҰМДЫҚ ТРЮК ЖАСАҒАН ВЕЛОШАБАНДОЗ

Танымал велоэкстремалшы Витторио Брумотти экстремалды жанрда түсірілген кезекті роликті жариялады. Осы жолы ол Crand Canyon-да өзінің өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Видеода велошабандоз екі дөңгелекті көлігімен жоғары биіктікте тастан тасқа секіргенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы белгілі велоэкстремалшы Витторио Брумотти «Astana Pro Team» велокомандасының мүшесі атанған болатын. …

толық оқу»

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Арыстанбек Мұхамедиұлы XXIII Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан құрамасы 7 медальмен жарысты 25-ші орында аяқтады. Біздің қоржында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Бұл біздің құраманың Сурдлимпиада ойындары тарихында жеткен ең үздік көрсеткіші. Аян Әбдраш 58 келіге дейін салмақта таеквондодан …

толық оқу»

«АЛТЫН ЖЕБЕДЕ» МЕРГЕНДЕР ҚАЛАЙ АТАДЫ?

12-13 тамызда «Қазанат» атшабарында «Алтын жебе» халықаралық турнирінің басталатыны туралы бұған дейін аз хабарланған жоқ. Оқырманға қазақ мергендері мен шетел садақшылары таныстырылды.  Алайда осы мергендер сайысының қалай өткізілетіні туралы әлі толыққанды мәлімет жарияға шықпады. Біз осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біз жамбы атудан ҚР Ұлттық құрама командасының аға бапкері, «Алтын …

толық оқу»

ЖАСТАР СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл жарыста бірде-бір жүлде ала алмады. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік көрсеткішке Рахат Қалжан қол жеткізді. 50 келі салмақта белдескен ол бесінші орынға табан тіреді. Суоми еліндегі жарыста Ресей мен АҚШ құрамалары тамаша нәтиже көрсетті. Солтүстіктегі көршілеріміз …

толық оқу»

САҒЫНДЫҚ МЕКЕЕВ: КӘСІПҚОЙ СПОРТШЫЛАР ӘРДАЙЫМ БАБЫНДА ЖҮРУ КЕРЕК

Аралас жекпе-жек түрлері бойынша Қазақстанға еңбегі сіңген маман Сағындық Мекеев кәсіпқой спортшылар туралы: Өзімнің жеке тәжірбиеме қарап айтар болсам, кәсіпқой боксшы әуесқойлар арасында сынға түсуден ешқашан қашпау керек. Байқағаным, жас кәсіпқой спортшылар әуесқойлар арасында жарысқа шықса өздерін бір қадам артқа шегінгендей сезінеді. Жаттықтырушылары да олар тек кәсіпқой жекпе-жектерге ғана шығады …

толық оқу»

«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ ЖАҢА ШАБАНДОЗБЕН ТОЛЫҚТЫ

Әлемдік деңгейдегі  «Астана» велокомандасы Испаниялық велошабандоз Омар Фраилемен 2018-2019 жылғы маусым аралығына келісім шартқа отырды. — «Астана» әлемдегі танымал ең мықты командалардың бірі. Алдағы екі жыл бойы бұл командамен жұмыс жасау мен үшін үлкен құрмет. Соңғы екі жылда менің спорттық мансабым жақсы деңгейде өтті. Келер жылдар «Астана» командасы сапында одан …

толық оқу»

ДИМАШ НИЯЗОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстандық боксшы Димаш Ниязов 9 қыркүйек күні Астанада өтетін бокс кешінде угандалық боксшымен жұдырықтасады, — деп хабарлайды Qsport.kzпорталы Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бүгінгі таңда Нью-Йорк қаласында полиция қызметін атқарып жүрген отандасымыз Чарлес Мулиндвамен қолғап түйістіреді. 29 жастағы угандалық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 16 кездесу өткізіп, 12 кездесуде жеңіске …

толық оқу»

ВЛАДИМИР КЛИЧКО СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

41 жастағы аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Владимир Кличко карьерасын аяқтады. Бұл туралы Кличконың өзінің YouTube каналынан хабарлады. Сонымен, Владимир Кличко 11 қараша күні Лас-Вегас қаласында жоспарланған британдық боксшы Энтони Джошуамен өтетін реванштан бас тартты. Кличко 21 жылға жалғасқан кәсіпқой боксшы карьерасында Кличко 69 кездесу өткізіп, оның 64-інде …

толық оқу»