Осы күнгі архивтер: 20.07.2017

ЖАС БАЛУАНДАРДЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІ

Тайланд елінің Бангкок қаласында грек рим күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Бүгін, жарыстың алғашқы күні балуандарымыз керемет нәтиже көрсетті. Қазақстанның үш балуаны құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанды. 46 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық белдесуде Еркебұлан Ардақов Сенчел Янгты (Корея) жеңсе, 63 келіде Рахат Сағымбай Мұстафа Хордеден (Иран) басым түсті, ал 76 келідегі …

толық оқу»

ШАЯХМЕТ — СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Түркияның Самсун қаласында ХХIII жазғы сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Есту қабілеті нашар спортшыларға арналған байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 спортшы аттанды. Бүгін дзюдошылар жарысқа қосылып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 66 келіде татамиге шыққан отандасымыз Шаяхмет Қанапиянов ХХIII сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Финалда ғана қарсыласына есе жіберген Шаяхмет 4 кездесуде …

толық оқу»

ЕРЖАН СӘЛІМГЕРЕЕВ : ПАРАЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ БОЛУДЫ МАҚСАТ ҚОЙДЫМ

Адам баласының тағдыры түрлі түсті жіпке оранған өрнек секілді. Сол өрнектің жібі аяқ асты қара түске боялып,пендесін қиындықтармен сынаққа алып жататыны бар. Олардың қатарында адам сенгісіз ауыр тағдырды басынан өткеріп, сол сынақпен күресе жүріп, талай құласа да, сағын сындырмай, өмірден түңілмей, қайта қоғамға пайдасын тигізіп жүрген рухы мықты, жігері берік …

толық оқу»

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Астанадағы  «Rixos» қонақ үйінде ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеңіл атлетикадан 2017 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жеткен және жүлдегер атанған спортшыларды марапаттады. Биылғы Азия чемпионатын 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласы қабылдады. Оған 43 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан …

толық оқу»

ЕШКІМНЕН ЖЕҢІЛМЕГЕН БОКСШЫЛАР

Кәсіпқой бокс тарихында жеңілмеген күйі үлкен спортпен қош айтысқан санаулы ғана саңлақтар бар. Ұзақ жылдар бойы үздіктер көшін Рокки Марчиано бастап тұрған еді. Өткен ғасырдың елуінші жылдары шаршы алаңды армансыз шайқаған АҚШ-тың өрені 49 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 2015 жылдың 12 қыркүйегінде Роккидің көрсеткішін өзінің отандасы Флойд Мейвезер қайталады. Оның …

толық оқу»

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫ САТЫЛЫП КЕТТІ

Оңтүстік Қазақстанның футбол клубы электронды саудада сатылды. «Ордабасы» командасы жарты миллиард теңгеге өткен. Бұл жайында vesti.kz хабарлады. Отандық футболдағы елеулі оқиға 19 шілдеде болған. Клубты жекешелендіру бойынша сыбыстар екі жылдан бері айтылып келеді екен. Телеарна өкілдірінің мәліметінше, «ордабасылықтарды» сатып алуға үш үміткер таласқан. Алайда көп жылдан бері жергілікті бюджеттен қаржыландырылып …

толық оқу»

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздиман суперауыр салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы британиялық Энтони Джошуамен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz. Спортшы қыз Лас-Вегастағы кіші Флойд Мэйвезердің залында кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. АҚШ-та өтетін жекпе-жекте Балауса алғаш рет кәсіпқой рингте бағын сынайды. Геннадий Головкин мен кіші Флойд …

толық оқу»

ӘЛЕМ ФУТБОЛЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛАДЫ

Әлемдік футбол жұлдыздары Астанада өтетін EXPO-2017 Football Cup турниріне қатысады. Аталған доданың форматы «Кубок легенд» турниріне ұқсайды (алаңда ойнайтын 5 ойыншы мен 1 қақпашы). Елорда стадионында Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия мен әлем құрамасы кездеседі. Футболсүйер қауым Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер …

толық оқу»

ВЕЛОШАБАНДОЗДЫҢ АЯҚТАРЫ НЕГЕ КҮЙСІЗ?

«Тур де Франс» көпкүндігнің аяқталуына аз қалды. Жалпы есептегі жеңіске Британдық Крис Фрум мен Колумбиялық Риго Уран және тағы басқа жүздеген велошабандоз таласуда. Оның ішінде Астаналықтар да бар. Кезеңдердің бірінде Германияның «Bora-Hansgrohe» командасының өкілі поляк Павел Полянски өзінің инстаграмм желісіне аяғының суретін салды: «16 кезеңнен кейін менің аяғым кішкене шаршаңқы көрінеді» …

толық оқу»

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗГЕН ЕЛДЕР

«Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын биыл Ұлыбритания астанасы Лондон қаласы қабылдайды. Бұл осымен 16-рет ұйымдастырылып отырған дүниежүзілік чемпионат. Біріншілік алдында әрбір 2 жыл сайын болатын әлем чемпионатын өткізген елдер туралы сөз қозғаймыз. Әлем чемпионаты Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) аясында өткізіледі. Ұзақ уақыт бес құрлықтың мықты атлеттерінің …

толық оқу»