Осы айғы архивтер: Май 2017

АСТАНАДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН КЕЙІН СПОРТТАН ШЕТТЕТІЛДІ

Осыдан берер апта бұрын Астанада ережесіз жекпе-жектен өткен турнирден кейін ағайынды Гаджимурад пен Гамзат Хирамагомедовтер ММА одағының вице-президенті әрі осы жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинді соққыға жыққан болатын. Олардың барлығы да Ресей азаматтары. Естеріңізге сала кетейік, Fight Nights Global 65 турнирінде жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген қазақстандық Георгий Кичигин …

толық оқу»

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ СПОРТШЫЛАР КІМДЕР?

Америкалық ESPN арнасы өзінің зерттеуінен кейін әлемдегі ең танымал деген 100 спортшының тізімін жасап шықты.  Тізімнің көшін мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастан тұр. Екінші орынға баскетболшы ЛеБрон Джеймс («Кливленд Кавальерс») орналасса, үздік үштікті «Барселонаның» аргентиналық шабуылшы Лионель Месси түйіндеп тұр. Үздік ондыққа кіретін спотшылардың тізімі: 4. Роджер Федерер …

толық оқу»

ТАЙЛАНД ВОЛЕЙБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Тайландтық «Суприм» командасы Өскеменде мәресіне жеткен волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатының триумфаторы атанды, — деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. Жаңа ғана аяқталған жарыстың финалдық кездесуінде Тай елінің қыздары жапондық «Хисамицу Сеяку Спрингс» командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Сарықұрлық мықтысы деген атаққа қол жеткізді. Естеріңізде болса, білікті маман Натапхон Срисамутнак бастаған …

толық оқу»

«АЛТАЙ» ҚЫЗДАРЫ ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ

Волейболдан клубтар арасында Азия чемпионатында қазақстандық команда төртінші орын алды. «Алтай» әйелдер волейбол клубы қола медаль үшін кездесуде қытайлық «Тяньцзинь Бохай Банк» командасынан  жеңіліп қалды – 1:3 (25:20, 22:25, 22:25, 20:25). Осылайша, өскемендік ұжым Азия чемпионатын төртінші орында аяқтады.

толық оқу»

«АРЛАНДАРДЫҢ» БРИТАНИЯЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ҚҰРАМЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шыққан «Astana Arlans» пен Ұлыбританияның «British Leonhearts» командалары арасындағы бірінші жекпе-жекке шығатын боксшылар белгілі болды. Қос команда арасындағы шаршы алаңдағы жекпе-жектер 3 маусым күні Қостанайда өтеді. Қазақстандық команда 2014 жылдан бері WSB жобасындағы кездесулерін еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіп келеді. Еліміздің өңірлерін әлемге таныту мен сол …

толық оқу»

ПУТИНЦЕВА РОЛАН ГАРРОСТЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева бүгін Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында Швеция елінің өкілі Юханна Ларссонмен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Юлия дүниежүзілік рейтингте 59-ыншы сатыда тұрған Ларссонды тартысты кездесуде 6:3, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Ю.Путинева үшінші айналымда әлемдік теннистің жарық жұлдыздарының бірі, осы турнирде төртінші …

толық оқу»

ДИМАШ НИЯЗОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Нью-Йоркта тұратын этникалық қазақ Димаш Ниязовтың келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Димаштың  (10-0-3, 4КО) кездесуі 16-шы маусымға жоспарланған. Қарсыласы Доминикандық боксшы Рамон Гевара (10-24-2, 6КО). Кездесу атақты Детройтта өтеді және алты раундтан тұрады. Айта кету керек, осы бокс кешінде Қазақстандық боксшы  Бахтияр Эюбов те (12-0, 10КО) шаршы алаңға шығады. Қарсыласы …

толық оқу»

ВИКТОРИЯ ЗЯБКИНА БРАЗИЛИЯДАҒЫ ТУРНИРГЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Бүгінгі таңда еліміздегі танымал жеңіл атлеттердің бірі Виктория Зябкина 3 маусым күні Бразилия Гран-приіне қатысады, — деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының сайты. Бұл Гран-при Бразилияның Сан-Паулу штатында орналасқан Сан Бернардо до Кампо қаласында өтеді. Аталған жарыс Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының IAAF World Challenge Meetings санатындағы турнирінің қатарына кіреді. Жалпы …

толық оқу»

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР МОСКАВА ГРАН-ПРИІНДЕ ҮШ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасында велоспорттан «Москва гран-приі» халықаралық турнирі мәресіне жетті. 26-28 мамыр аралығында өткен сайыстың барлығында да Қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. Жарыстың соңғы күні тректің «мэдисон» түрі бойынша сайыстар өтті. Қазақстандық жұп Роман Василенков пен Никита Панасенко бұл сында қарсылас шақ келтірмеді. Осыдан бір күн бұрын Роман оминум сайысында екінші келген …

толық оқу»

ЖАНАТ ТҮСІПБЕКОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

29 мамыр күні Бангкокта Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (ХААФ) Сайлау конгресінің бірінші күні аяқталды. Сайлау қорытындысы бойынша, Қазақстан федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков ХААФ вице-президенттерінің бірі атанды. Конгресс Жанат Түсіпбековтің 2015-2017 жылдар аралығындағы маркетинг комиссия төрағасы ретіндегі жұмысын жоғары бағалады. Оның ҚР ААФ көшбасшысы ретінде жақсы ұйымдастырушылық қабілетін, Рио Олимпиадасында өткен …

толық оқу»