Осы күнгі архивтер: 28.05.2017

АЙДАР МАХМЕТОВ АШЫҚ ГЕРМАНИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

38 жасар Джиу-джитсудан әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Айдар Махметов тағы бір жеңіске жетті. Лимбург қаласында 30-39 жастағы (Masters) спортшылар арасында джиу-джитсудың NAGA түрі бойынша ашық Германия чемпионаты өтті. Айдар Махметов қарсылас шақ келтірмей, өзінің бесінші белдігін иеленіп отыр.

толық оқу»

ЖАРТЫЛАЙ ОРТА САЛМАҚТА ЖАҢА ЧЕМПИОН!

Шеффилдте өткен үлкен бокс кешінің басты кездесуінде жартылай орта салмақтағы IBF чемпионы британдық Келл Брук (36-1-0, 25КО) пен америкалық Эррол Спенс (21-0-0, 18КО) жолыққан болатын. 12 раундқа жоспарланған кездесу, алғашқы раундтарда қызықты өте қоймағанымен, Брук бірінші нөмірде жұмыс жасаса, Спенс екінші нөмірмен ақ қарсыласының қорғанысын жақсы бұзып отырды. Екі боксшы …

толық оқу»

АСТАНАДА МУАЙ-ТАЙДАН КӘСІПҚОЙ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР ӨТТІ

Астанада Қазақстан мен Таиланд корольдігінің арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай муай-тайдан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа 14 кәсіби спортшы қатысуда. Тай боксының кешін ҰҚК-нің төрағасы Кәрім Мәсімов те тамашалады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  Биыл Қазақстан мен Таиланд корольдігінің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл. Осыған байланысты Таиланд корольдігінің Қазақстандағы …

толық оқу»

«АЛТАЙ» ОРАМАЛДЫ ҚЫЗДАРДЫ ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

Волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында топтық кезеңнің соңғы тур ойындары өтуде. Б.Александров атындағы Спорт сарайының алаңына бірінші болып қытайлық «Тяньцзинь Бохай Банк» пен филиппиндік «Филиппин Супер Лига» командалары шықты. Бұл ойында көпшілік болжағандай Қытай елінің волейболшы қыздары оңай жеңіске жетті. Кездесудің алғашқы минуттарынан ойын тізгінен өз қолдарына алған …

толық оқу»

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТУРНИРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСПЕН КЕЛЕДІ

13-мамыр күні  Хоргос кеден бекетінде К1 нұсқасы бойынша  «Ұлы Жібек жолы қаhарманы» жобасы аясында «Бір белдік — бір жол» атты Қазақстан-Қытай арасындағы жекпе-жектер өткенін хабарлаған болатынбыз. Кеше, 27 мамыр күні осы турнирдегі «В» тобының бірінші айналымы өтті. PFC промоутерлік компаниясы кәсіпқой К1 версиясы бойынша ұйымдастырған турнирде ел намысын «Alash Pride»командасы қорғауда. …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СИНХРОНШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін Канар аралдарында синхронды жүзуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар қола жүлде жеңіп алды. Қазақстандықтарды комбинациялық бағдарламада Украина мен Испания спортшылары алдын орап кетті. Естеріңізге салсақ, кеше біздің синхроншылар техникалық өнер көрсету кезінде де дәл осы екі құрамаға есе жіберіп үшінші орыннан көрінген болатын.

толық оқу»

ШАБАНДОЗДАР МОСКВА ГРАН-ПРИІНДЕ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасында велоспорттан «Москва гран-приі» халықаралық турнирі жалғасуда. Тректегі сайыста жарыстың алғашқы күні жас Қазақстандық шабандоз Сергей Шатовкин ұпай саны бойынша жеңіске жеткен болатын. Бүгін Никита Панасенко скреч сайысында топ жарды. Спортшы әлеуметтік желілерінде: «Бүгінгі жеңісім мен үшін өте маңызды. Мақсатыма жету жолында маған демеу көрсеткен барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын. «Track Team …

толық оқу»