ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ШВЕЙЦАРИЯ СЫРТ АЛАҢДА ИСЛАНДИЯНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

УЕФА Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Исландия құрамасы мен Швейцария құрамасы кездесті.

Рейкьявик қаласында өткен ойында Исландия құрамасы қарсыласы Швейцария құрамасынан 1:2 жеңіліп, УЕФА Ұлттар лигасының В лигасына төмендеп кетті.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Швейцария құрамасы өз алаңында Исландия құрамасына қарсы ойын өткізіп, ірі 6:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Екінші кезеңде Исландия құрамасы Бельгия құрамасынан 0:3 есебімен жеңілген болатын. Ал үшінші кезеңде Бельгия құрамасы өз алаңында Швейцария құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Исландия 1:2 Швейцария

Голдар: Финнбогасон, 81 — Сеферович, 52, Ланг, 67

Исландия: Халльдоурссон, Сигурдссон, Магнуссон, Эйельфссон, Арнасон, Гудмундссон, Траустасон (Гисласон, 68), Бьярнасон, Сигурйонссон (Гудмундссон, 84), Сигурдссон, Финнбогасон.

Швейцария: Мвого, Мубандже, Эльведи, Шер, Ланг, Цубер (Фасснахт, 88), Джака, Закария, Шакири, Сеферович (Айети, 90), Гавранович (Фернандеш, 69).