ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСЛАНДИЯ — ШВЕЙЦАРИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында Исландия құрамасы мен Швейцария құрамасы кездеседі.

Ойын бүгін, 15-ші қазаннан 16-шы қазанға қараған түні, Рейкьявик қаласында өтеді. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.

Ойынға швециялық маман Андреас Экберг өз командасымен төрелік ететін болады.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Швейцария құрамасы өз алаңында Исландия құрамасына қарсы ойын өткізіп, ірі 6:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Екінші кезеңде Исландия құрамасы Бельгия құрамасынан 0:3 есебімен жеңілген болатын. Ал үшінші кезеңде Бельгия құрамасы өз алаңында Швейцария құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан