АҚТӨБЕДЕ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ БАСТАЛДЫ

2018 жылдың 7-9 ақпан күндері аралығында «Олимп» хоккей модулінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының Кубогі өтуде.

Жылына бір рет өтетін байрақты бәсекені биыл Ақтөбе жұрты қабыл алды. Айтулы додаға еліміздің 8 командасынан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Олар 10-18 жас аралығында өзара мықты команданы анықтайтын болады.

-«Ақтөбе облысында спортты насихаттауға үлкен көңіл бөлінген. Соның бір айғағы, бүгінгі қаламызда мәнерлеп сырғанаудан ҚР Кубогінің тұңғыш рет өткізілуі. Алдымен, осындай ірі деңгейдегі жарысты Ақтөбеде өткізуге мүмкіндік берген Мәдениет және спорт Министрлігің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетіне және республикалық мәнерлеп сырғанау федерациясына алғымызды білдіреміз»,—деп жарыстың ашылу салтанатында сөз бастады облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Үш күнге созылатын жарыс қысқа және еркін бағдарлама бойынша өткізіледі. Бұл жарыста жұптық бәсекелер жоқ. Сондықтан спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстан Кубогі үш күнге созылады және шешуші сындар 9 ақпан күні өткізіліп, жеңімпаздар белгілі болады.

 

Бөлісу: