Басты бет / Басқа түрлер / «ҚАЙСАР» ГАНДБОЛ КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

«ҚАЙСАР» ГАНДБОЛ КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 

Қызылорданың «ҚАЙСАР» гандбол клубы клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды!

Қызылорда облысында 26 қазан – 1 қараша аралығында гандболдан әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының 1ші Азия чемпионаты аяқталды. Оған Иран, Катар, Өзбекстан және Қазақстаннан 6 клуб қатысып, жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде 10 ұпаймен Қызылорданың «Қайсар» гандбол клубы бірінші орынды иеленіп, автобустың кілті табысталды.

Айта кетейік,  әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының бірінші Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы болып «Қайсар» клубы атанды.

8 ұпаймен екінші орынды «Алматы» ГК иеленсе, 6 ұпаймен  үшінші орынды Алматы облысының «Іле» клубы еншіледі.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом, кубоктармен марапатталды

Сондай-ақ

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «АСТАНА» — «МАККАБИ»

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші тур ойындары өтеді. «Астана» футболшылары Израильдің «Маккабиімен» алаңға шығады. …