Басты бет / Қысқы спорт / ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

 

Универсиада ойындарында Қазақстандық фристайл-акробатшылар өздерінің бәсекеге қабілетті екендерін дәлелдей алды. 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленген спортшыларымыз бұнымен тоқтап қалмақ ниетте емес.

Ұлттық құрама Универсиада ойындарындағы сайыстарын аяқтай салысымен Корея еліне жол тартты. Ертең, ақпанның 10-ы күні  Бугван Фёникс Паркта әлем кубогының кезеңі өтеді.

Бұл сайыстарға қатысатын Қазақстан құрамасы.

Қыздар: Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаева, Қалмұрзаева Ақмаржан, Ақжігіт Маржан.

Ерлер: Бағлан Іңкәрбек, Ильдар Бадрутдинов, Лим Дмитрий және Заманбек Ақжол.

Құрама капитаны Жанбота Алдабергенова бүгін жаттығу жиындары өткенін айтады:

«Корея елінде келесі Олимпиада ойындары өтетіні белгілі. Біз келген әлем кубогының бұл кезеңі аса маңызды. Себебі дәл осы жерде ақ ойындар өткізіледі. Алғашқы жаттығу күнінен соң бізге трасса ұнамады. Өзінің кемшіліктері көп екен. Кореядағы ауа-райы да аса жақсы емес. Қатты жел тұруда. Ертең осылай жалғаса беретін болса бағы жаңғандар ғана жүлдегер атанатын болады. Желдің кесірінен жаттығуды орындап тік тұру өте қиын», — дейді Жанбота.

 

 

 

Сондай-ақ

ПОЛТОРАНИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 37-ШІ ОРЫНДА

  Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан 2017 жылғы әлем чемпионаты өтуде. Чемпионаттың екінші күні әйелдер спринттік сайыста …