Басты бет / Без рубрики / ЖАС ТАЭКВОНДОШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

ЖАС ТАЭКВОНДОШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

 

Таэквондо спортынан жастар арасындағы әлем біріншілігі таяп қалды. Осы күнге дейін жастар іріктеліп, түрлі додаларда шыңдалды.

Таэквондодан еліміздің Жастар құрама командасы бұл күндері Ресейдің Мәскеу қаласында Ресейдің жастар құрама командасымен бірлесіп Әлем біріншілігі алдындағы оқу-жаттығу жиынынын өткізіп жатыр. Аға жаттықтырушы Бақытжан Райбеков баптайтын жастар құрама командамыз биылғы жылдың 13-23 қараша аралығында Канаданың Бернаби қаласында өтетін Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Жастарымыз бұдан бұрын «Russian open G2» турниріне қатысқан болатын.

Сары балалар да сыйсыз қалмады. Ресейлік жастарға қазақы тақия кигіздік.

Оқу-жаттығу барысында Ресейліктер біздің құрамаға арнайы жейделер мен спорттық киімдер сыйлады. Жауап ретінде аға жаттықтырушы Бақытжан Райбеков Ресейліктерге шапан жапты. Қос құрама арасындағы бірлескен жиын ойдағыдай өтуде. Ендігі кезек жастарымыздың әлем біріншілігінде топ жаруы.

Сондай-ақ

УЛЬЯНА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Жапония астанасында семсерлесу спорты бойынша 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азтя біріншілігі өтуде, деп хабарлайды …