Басты бет / Без рубрики / УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШ КҮНГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШ КҮНГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Универсиада ойындарының үш күні артта қалды. Бейресми жалпы есептегі алғашқы орында Ресей құрамасы келеді.

Ресей құрамасы қазірдің өзінде 10 алтын, 7 күміс және 3 қола медаль иеленіп отыр. Одан кейінгі үш құрамада екі алтыннан бар.

Қазақстан құрамасы екі алтыннан басқа екі күміс және төрт қола медаль иеленді. Олар: Алтын — Алина Райкова (биатлон), Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек (фристайл акробатика). Күміс — Жібек Арапбаева (фристайл акробатика), Галина Вишневская (биатлон). Қола — Анна Шевченко 2(шаңғы), Жанбота Алдабергенова (фристайл акробатика) және Екатерина Айдова (коньки).

Жалпы осыған дейін 22 медальдар жиынғы сарапқа салынды. 16 мемлекет жүлде алып үлгерді.

Сондай-ақ

МОГУЛШІЛЕР ҚОС АЛТЫН ЕНШІЛЕДІ

«Шымбұлақ» спорт кешенінде фристайлдың могул түрінен сайыстар өтті Могул сайысы елімізде өтіп жатқан Универсиадада ұлттық …