Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА «Olympic moves» ЖАРЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА «Olympic moves» ЖАРЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Мамырдын 13-і мен 14-ы-і аралығында Алматы қаласының  жалпы білім беретін  мектептерінде «Olympic moves» жарысының аудандық кезеңі өтеді. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Coca Colа компаниясының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін жарысқа  5-8-ші сынып  оқушылары қатысатын болады.

Турнирге қатысушылар спорттың төрт түрінен — жеңіл атлетика (5 сынып), шағын футбол (6 сынып), баскетбол (7 сынып) және волейболдан  (8 сынып) бақ сынайды. Жеңімпаз атанған командалар мамырдың 28-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде өтетін қалалық турнирдің шешуші кезеңіне жолдама алады.

Аудандық жарыстардың өтетін жері келесі жалпы білім беретін және гимназия мектептерінде өтпек (финал):

Алатау ауданы – ЖББМ №152;

Әуезов ауданы – ЖББМ №114;

Алмалы ауданы – № 79 Гимназиясы;

Бостандық ауданы – ГМ № 68;

Жетісу ауданы – ЖББМ № 137, ГМ № 118;

Наурызбай ауданы — ЖББМ №157;

Медеу ауданы — №163 лицейі;

Түрксіб ауданы – ЖББМ №198;

Бұл ойындардың басты мақсаты «Olympic moves» бағдарламасын жузеге асыру үшін тиімді құрал болу; Еліміздің бұқаралық спорттық қозғалыстағы білім беру мекемелеріндегі (мектеп, гимназия, лицей) мектеп оқушыларының дене шынықтырумен және Алматы қаласының білім беру мекемелерінде спорт және демалыс жүйесін арттыру болып табылады.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ РЕТ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Жексенбінің ыстық күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 3000-ға жуық адам кезекті велошеруде кездесті. Бұл …