Басты бет / Басқа түрлер / СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Атырау қаласында Тәуелсіздік мерекесіне орай, 16-20 желтоқсан аралығында  Су добынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының 3-ші ақтық айналым ойындары мәресіне жетті.

Бес күнге созылған жасөспірімдер бәсекесінде жеті команда сынға түсті. Үш кезең бойынша командалардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаздар жиналған ұпай саны бойынша анықталды. Чемпионаттың соңғы күні Қызылорда құрамасы Оралдықтарды 15:1 есебімен оңай жеңді. Екі тур қорытындысы бойынша оқ бойы озық келген Қызылордалықтар Атырауда да ұпай жоғалтпай Қазақстан чемпионы атанды.

Күміс жүлде үшін талас өте тартысты өтті. Астана қаласы мен Атырау облысының командалары ең соңғы ойында үздікті анықтады. Жарыс қожайындары намысқа тырысып, 11:10 есебімен жеңіске жетті. Астаналық команда үшінші орынды иеленді.

Қазақстан чемпионатындағы үздік ойыншылар: Алмусин Жанболат (Тараз), Кенжебай Сәттібек (Атырау), Райымберді Ернар (Атырау), Кашляков Владислав (Қарағанды), Жұмабай Ғани (Атырау), Артюх Данил (Орал), Бақтыбай Нартай (Астана), Кулибаев Бекзат (Астана).

Су добынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатын ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы Темірханов Дамир Дәулетұлы тамашалады. Бүгінгі ойын қорытындысы бойынша үздік шыққан ойыншылар алдағы уақытта ұлттық құрама қатарына кіріп, ел намысын қорғайтын болады. Жастарды кішкентайынан осы бір спорт түріне баулып, үлкен шебер дәрежесіне шығаруымыз керек. Осы турнирдің негізі мақсаты да сол.

Ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

  1. Қарағанады құрамасы: Милюнас Владислав, Бутаков Игорь, Киселев Иван, Боярский Дмитрий, Кашляков Владислав, Зайцев Данил, Пфау Артур, Рыбин Владислав, Жұманов Дәулет, Городецкий Никита, Қуаныш Олжас, Эйзен Дмитрий, Кравцов Андрей, Асхатов Альмади, Берш Артур. Жаттықтырушылар: Селиверстов Д. Голегузов С.
  2. Атырау құрамасы: Жұмабай Ғани, Әмірбек Айдар, Жауылбаев Данияр, Кенжегүл Диас, Ковальчук Никита, Құмаров Аслан, Мақсотов Әділ, Райымберді Руслан, Кенжебай Сәттібек, Чжен Михаил, Қоныс Нұрдәулет, Мақсотов Айбек, Меңдібаев Әнес. Жаттықтырушылар: Қойлиев Е. Днбаев Б.
  3. Астана құрамасы: Зинько Иван, Зинько Владимир, Бақытбай Нартай, Соколовский Владислав, Қорғанов Дамир, Зикратых Денис, Герцен Илья, Тұрмаханбетов Диас, Перепадь Дилан, Базарбаев Ерден, Гумиров Илья, Қалдыбай Спабек, Тоқтаров Тамирлан, Ақсақалов Атлант, Переев Жәнібек, Сәрсенбаев Әли. Жаттықтырушылар: Темірханов А. Османов А.

Сондай-ақ

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «АСТАНА» — «МАККАБИ»

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші тур ойындары өтеді. «Астана» футболшылары Израильдің «Маккабиімен» алаңға шығады. …