Басты бет / Басқа түрлер / СУ ДОБЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

СУ ДОБЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

 

 

Жапония астанасы Токио қаласында су добынан Азия чемпионаты өтуде.

Жарыстың үш күнгі қорытындысы бойынша әйелдер құрамасы екі жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліп қалды.

Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы екі күні жеңіске жетті. Алдымен Гонконг құрама командасын ойын 22:1 есебімен, кеше Тайландты 15:5 есебімен ұтты. Бүгін  Қытай құрамасы қарсылас атанып, 8:7 есебімен басым түсті.

Ерлер құрамасы Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді. Ватерполшыларымыз Гонконг құрама командасын үлкен басымдылықпен жеңді. Ойын нәтижесі 26:1. Екінші кездесуде Иранмен ойнап, 14:4 есебімен басым түсті. Бүгін Сингапурды 18:1 есебімен оңай ұтты.

Төртінші жарыс күнінің кестесі:
Әйелдер:
W10 8:30 Таиланд — Сингапур .
W11 10:00 Қазақстан — Өзбекстан .
W12 11:30 Гонконг — Қытай .

Ерлер:
M13 14:30. Иран — Сауд Арабиясы.
M14 16:00 Сингапур — Қытай .
M15 17:30 Гонконг — Жапония .
M16 19:00 Қазақстан — Филиппин

 

 

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …