ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ІНІСІ КӘСІПҚОЙ БОКСТА

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның інісі кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Отандасымыз Қанат Исламның інісі Ерлан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады. Бұл туралы боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды. Ол өз сөзінде: «Қанат Исламның інісі, менің шәкіртім кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ерлан Пекинде өткен бокс кешінде қарсыласын 2 раундта нокаутпен ұтты», – деді Сағатбек Мұсаханов.

Ерланның қарсыласы жергілікті боксшы, дебютант Лию ДжиГанг атанды.

Айта кетейік, Сағатбек Мұсаханов кәсіпқой бокстағы болашағынан үлкен үміт күттіретін Али Ахмедов, Еділ Қожамбердиев сынды боксшылардың бапкері