Басты бет / Басқа түрлер / ОЛЬГА РЫПАКОВА АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК АТЛЕТІ

ОЛЬГА РЫПАКОВА АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК АТЛЕТІ

 

Азия жеңіл атлетика федерациясы 2015/2016  жылғы маусымдағы үздік нәтижелерді жариялады. Азия құрлығының таңдаулылары арасына екі бірдей отандасымыз енген.

Үш қарғып секіру спорты бойынша бір ауыздан Ольга Рыпакова үздік атанды. Олимпиада ойындарының чемпионы, жақында ғана үш дүркін жүлдегер атанған отандасымызға Азия бойынша еш қарсылас жоқ. Ольга Рыпакова маусымдағы ең үздік нәтижесін және Азия құрлығының үздік нәтижесін Рио-де-Жанейро Олимпиадасында тіркеді. 14,74 м.

Евгений Лабутов күтпеген жерден диск лақтыру спорты бойына маусым үздігі атанды. 13 маусым күні Душанбе қаласында тіркеген 65,94 метр нәтижені Азия бойынша ешкім жаңарта алмады.

Үздіктер қатарына желаяқ қыздарымыз  Ольга Сафронова (100 м, 11,09 с), Виктория Зябкина (200 м, 22,66 с) және Анастасия Пилипенко (100 м кедергілер арқылы жүгіру, 12,87 с) енген.

Сондай-ақ

БОТСВАНАЛЫҚ БОКСШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН АЛҒАН ЖАРАҚАТЫНАН КЕЙІН ҚАЗА ТАПТЫ

Ботсвана елінің кәсіпқой боксшысы Герберт Нкабити жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты. Ауруханада бірнеше күн жатқан …