ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

26-шы тамыз күні Астанада «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.

Жарысқа 11 мемлекеттен 77 спортшы қатысып, балуандар 8 салмақ және абсолюттік дәреже бойынша сынға түсті.

Қазақстан балуандары жалпы командалық есепте 5 алтынмен бірінші орын алды. Ал Моңғолия балуандары 3 алтынмен екінші орынды алса, Түрікменстан балуандары 1 алтынмен үшінші орында. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

55 келі
Алтын — Ербол Алдухан (Қазақстан)
Күміс — Бухчуиун Даваанаям (Моңғолия)
Қола — Оятолла Коджаев (Тәжікстан)

60 келі
Алтын — Оспан Дауылбай (Қазақстан)
Күміс — Шохрух Нуриддинов (Өзбекстан)
Қола — Иппей Наккано (Япония), Унибжлед Лхагважамтс (Моңғолия)

66 келі
Алтын — Басхуу Йондонперенлей (Моңғолия)
Күміс — Нұрболат Ізімғалиев (Қазақстан)
Қола — Донияр Султанбаев (Өзбекстан), Разиовлок Лойков (Тәжікстан)

74 келі
Алтын — Ахмет Назаров (Түркменистан)
Күміс — Апсамат Маткасимов (Қырғыстан)
Қола — Наурызбек Майлашев (Қазақстан), Пуребдава Бат-Ердене (Моңғолия)

82 келі
Алтын — Ерсін Сейтқазинов (Қазақстан)
Күміс — Алишер Кудайбердиев (Өзбекстан)
Қола — Сейи Такигашира (Жапония), Туменнасан Ерденетогтох (Моңғолия)

90 келі
Алтын — Әділжан Ыстыбаев (Қазақстан)
Күміс — Тенгиз Батсайхан (Моңғолия)
Қола — Сариар Икромов (Өзбекстан), Дурди Кожагулов (Түркменистан)

100 келі
Алтын — Тувшинжаргал Ган (Моңғолия)
Күміс — Бауыржан Қабаев (Қазақстан)
Қола — Куршед Шарипов (Тәжікстан), Ихлас Сетдаров (Түркменистан)

+100 келі
Алтын — Серік Бердімұрат (Моңғолия)
Күміс — Дадохан Курбоналиев (Тәжікстан)
Қола — Айбат Сейтен (Қазақстан), Арнур Сарсенбаев (Өзбекстан)

Абсолютті салмақ (145 келі)
Алтын — Айбек Нұғымаров (Қазақстан)
Күміс — Серік Бердімұрат (Моңғолия)
Қола — Танимото Сузуки (Жапония), Дадохан Курбаналиев (Тәжікстан)

Жалпы жүлде қоры 20 мың долларды құрады: барлық салмақтың жеңімпаздарына 1000 доллардан, күміс жүлдегерлерге 500 долларден, ал қола жүлдегерлерге 300 доллардан табысталды. Абсолютті салмақ жеңімпазына 3000 доллар, күміс жүлдегерге 1500 доллар, ал қола жүлдегерге 1000 доллар берілді.

Сондай ақ, «Доданың ең техникалы балуаны» деп Басхуу Йондонперенлей (Моңғолия) танылып, Samsung Galaxy S8 смартфонын алды. Ал «Ең әдемі әдіс» үшін Алмазбек Бакыт уулу, Samsung Galaxy А8 смартфонымен марапатталды.

Сурет: «Qazaqkuresi.kz» Instagram парақшасынан

Бөлісу: