ЕЛАМАН САЯСАТОВ БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Польша елінде өтіп жатқан бүкіләлемдік ойындарда Атыраулық Муай-тайшы чемпион атанды.

54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Еламан Саясатов бүкіләлемдік ойындарда қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетті.

Еламан алғашқы кездесуінде жарыс қожайыны А. Прземисті 30:27 есебімен қапы қалдырды. Кейін екінші кездесуінде Ресейлік Зикреев Асланбекті ұтты. Финалда Испан елінің спортшысы Матинез Кивиннен айласын асырды.

Айта кету керек, Еламан Саясатов Қазақстандағы алдыңғы қатарлы спортшы болып табылады. Әлем чемпионты, әлем кубогы, Азия ойындары, Азия чемпионатының күміс жүлдегері бүгін көптен күткен алтын жүлдесіне қол жеткізді.