КАНАДА ЕЛІНДЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН БОСШЫЛАРЫМЫЗ РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) пен Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО) Канада елінде өткізген жекпе-жектерінен кейін, танымал BoxRec.com сайтының рейтингісінде жоғарылады.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Садриддин Ахмедов қарсыласы мексикалық Хавьер Хесус Мендосамен (7-5-1, 6 КО) қолғап түйістіріп, бірінші раундтың 57-ші секундтында Садриддин техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Осы жеңісінен кейін 20 жастағы Садриддин Ахмедов орта салмақтың рейтингінде 265-ші орыннан 230-шы орынға көтерілді.

Отандасымыз Абылайхан Құсайынов та Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласы мексикалық Хесус Лагунаны (22-12-3, 19 КО) жекпе-жектің екінші раундтында нокаутпен жеңді.

Осылайша, Абылайхан Құсайынов жеңіл салмақтың рейтингінде 17 саты жоғары көтеріліп, 96-шы орынға жайғасты.

Айта кетсек, Абылайхан Құсайынов пен Садриддин Ахмедов канадалық «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының боксшылары. Сонымен қатар, бұл промоутерлік компания Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыровтың (7-0, 6 КО) да ісінтерін жүргізеді.

Сурет: «khan01_01» Instagram парақшасынан

Бөлісу: