САДРИДДИН АХМЕДОВ ҚАРСЫЛАСЫН 57 СЕКУНДТА НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) Канада да кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізіп, кезекті рет нокаутпен жеңіске жетті.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Садриддин мексикалық Хавьер Хесус Мендоса (7-5-1, 6 КО) қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жектің бірінші раундтының 57-ші секундтында Садриддин қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, 20 жастағы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізіп, төртінші жеңісіне жетті, оның барлығын уақытынан бұрын аяқтады.

Сурет: «sadriddin_____soq» Instagram парақшасынан

Бөлісу: