ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (8-0, 7 КО) АҚШ-та өтетін титулдық жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Жекпе-жек ертең таңертең Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) орта салмақтағы NABF Junior белбеуі үшін өтеді. Отадансымыздың қарсыласы америкалық боксшы Джамар Фримэн (15-6-2, 8 КО) болады.

Салмақ өлшеу рәсімінде қос боксшыда орта салмақтың шегінен 160 фунттан аспады. Нұрсұлтановтың салмағы 159,6 фунт болса, Фримэннің салмағы 159,4 болды.

Сурет: Golden Boy Promotions