ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН АЛМАТЫДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, бұынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Алматы қаласында «Технодом» ұйымдастыратын баспасөз мәслихатыа қатысып, қолтаңба берді және тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Баспасөз мәслихаты барысында Головкин жекпе-жек кезінде оған қолдау көрсетіп жүрген барлық қазақстандыққа алғысын білдірді. Ол өзінің кәсіпқой бокстағы мансабын нақты қашан аяқтайтыны жайлы сұраққа жауап беру қиын екендігін және де бұл спорттың өте қауіпті түрі, бір соққының өзі өміріңді өзгертіп жіберуі мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ, Геннадий Головкин өзінің «GGG Promotions» промоутерлік компаниясы қазақстандық жас боксшыларға қолдау көрсететіні жайлы мәлімдеді. Головкин командасындағы боксшылардың АҚШта өзімен бірге жаттығып, оларға өзінің тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін айтты.

Қазіргі уақытта оның промоутерлік компаниясында Әли Ахмедов пен Руслан Мәдиев сында қолғап шеберлері кәсіпқой бокстағы жолын жалғастыруда. Гена командасындағы боксшылардың арман, мақсаттарының орындалуына және чемпион атануға көмек көрсетпек ниетте.

Бөлісу: