WBA-НЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАРЫ ӨЗГЕРДІ

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) өткен ай қорытындысы бойынша жаңа рейтингісі жарияланды.

Қазақстандық боксшылардың кейбірінің рейтингтегі орындары өзгерді.

Бірінші ауыр салмақта қолғап түйістіретін Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) 14-ші орынын сақтап қалды.

Ал орта салмақтың рейтингісінде Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) қарсыласы Сауль Альвареске төрешілердің шешімімен жеңілгеннен кейін, өз орынын Давид Лемьеге босатып, екінші орынға төмендеді.

Жартылай орта салмақта 13-ші орында тұрған Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) үздік-15 боксшы қатарынан шығарылды.

Бөлісу: