Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АПЛ: «ЛИВЕРПУЛЬ» — «ТОТТЕНХЭМДІ» ЖЕҢДІ

АПЛ: «ЛИВЕРПУЛЬ» — «ТОТТЕНХЭМДІ» ЖЕҢДІ

Юргена Клопптың шәкірттері АПЛ-дағы жорығын кезекті жеңісімен жалғастырда, бұл жолы «Тоттенхэмді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Футболда екі апталық халықаралық үзілістен кейін, Ағылшын Премьер-лигасының 5-ші кезеңінің алғашқы ойынында «Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэммен» кездесті.

Алаң иелері ойынды бірінші минуттардан бастап өз бақылауларында ұстады. Бірінші және екінші таймдарда бір-бір голдан соғып, тек ойынға қосылған соңғы минуттарда ғана бір гол жіберіп алып, жеңіске жетті.

Кездесуден кейін Клопп, бұл біздің осы маусымдағы ойындардың ішінде ең үздік ойындардың бірі болды. Біз 85 минут бойы ойында басымдылық таныттық деді.

«Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында қатарынан 5-ші ойында жеңіске жетті. Бұндай көрсеткішті тарихында үшінші рет қайталап отыр.

6-шы кезеңде «Ливерпуль» өз алаңында «Саутгемптонмен» кездеседі. Ал «Тоттенхэм» сырт алаңда «Брайтонға» қарсы ойын өткізеді.

«Тоттенхэм» 1:2 «Ливерпуль»

Голдар: Ламела, 90+3 — Вейналдум, 39, Фирмино, 54.

«Тоттенхэм»: Ворм — Триппьер, Альдервейрельд, Вертонген, Роуз — Дайер (Ваньяма, 83), Уинкс (Сон Хын Мин, 73), Дембеле (Ламела, 60) — Эриксен — Моура, Кейн.

«Ливерпуль»: Алиссон — Александер-Арнольд (Матип, 90), Гомес, ван Дейк, Робертсон — Милнер, Вейналдум, Кейта (Старридж, 83) — Салах, Фирмино (Хендерсон, 74), Мане.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …