Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «АСТАНА» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНДЕГІ БІРІНШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

«АСТАНА» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНДЕГІ БІРІНШІ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясында, «Астана» сырт алаңда «АПОЭЛ»-ге қарсы өткізді.

Кипрдегі «GSP Stadium» стадионында өткен бірінші ойында, елордалық клуб алаң иелеріне 1:0 есебімен есе жіберді. Кездесудегі жалғыз голды 79-ші минутта Каджу соқты.

Енді барлығы 30-шы тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтетін қарымта ойында шешіледі.

Айта кетсек, «Астана» Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Загребтік «Динамомен» кездескен болатын. Жалпы екі ойын нәтижесі бойынша Загребтік «Динамо» 3:0 «Астананы» жеңіп, Чемпиондар Лигасы төртінші іріктеу кезеңіне өткен еді.

Сурет: «Астана» клубының ресми сайтынан

Сондай-ақ

«ЧЕЛСИ» — «БОРНМУТТЫ» СЕНІМДІ ТҮРДЕ ЖЕҢДІ

Маурицио Сарридің шәкірттері қарсыласытарының қақпасына жауапсыз екі гол соғып, кезекті үш ұпайын еншіледі. Ағылшын Премьер-лигасының …