Басты бет / Басқа түрлер / ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАҒЫ ЖЕҢІСІ

ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАҒЫ ЖЕҢІСІ

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Мәскеуде өткен әйелдер арасындағы «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде бірінші орынға қол жеткізді.

«Аэорфлот Опен 2017» фестивалі 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтті.

Қазақстандық шахматшының қарсыластары екі Халықаралық шахмат Федерациясының шеберлері, екі халықаралық дәрежедегі шахмат шеберлері және бес гроссмейстер болды.

«9 турдың қорытындысында Жансая Әбдімәлік алты ұпай жинап, ерлер арасында 15 орын, ал әйелдер арасында бірінші орын алды. Турнир қорытындысынан кейін Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында әлемдік рейтингте үздік 35 шахматшының қатарына кіреді. Жақын арада өтетін ФИДЕ президенттік кеңесінде шахматтан ерлерге берілетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен мараптталатын Қазақстандағы ресми бірінші қыз болады», — деп хабарлайды шахмат Академиясы.

Жансая Әбдімәлік — қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қыз ФИДЕ-ның азиялық федерациясында Азияда 20 жасқа дейінгі үздік шахматшы деп танылған болатын.

2016 жылдың желтоқсан айында әйелдер арасында Польшада гроссмейстерлер арасында өткен халықаралық турнирде қазақстандық шахматшы бірінші орын алғандығы мәлім болды.

Дереккөз: Спортпортал

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН VS АЛЬВАРЕС АЛҒАШҚЫ КӨЗ ТҮЙІСТІРУ

Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, …