Басты бет / Мақала / БАТЫСТЫҢ ҚОС КЛУБЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

БАТЫСТЫҢ ҚОС КЛУБЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркия елінде қазақстандық клубтар оқу жаттығу жиындарын өткізуде.

 

Зуквн Вулич баптайтын «Атырау» футбол клубы Әзірбайжан чемпиондары «Карабахты» ұтты. Алғашқы минуттардан-ақ «Атыраулық» ойыншылар шабуылды үдете түсті.  Ойынның 13-ші минутында клуб сапында жақында қосылған Виталий Ли қақпашыдан айласын асырып, өз клубына жеңіс сыйлады.

 

 

«Ақтөбе» ФК Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы кезекті матчында Ресей Премьер-лига өкілі, махачкалалық Анжи футбол клуымен жолдастық кездесу өткізген болатын. Матч алғашқы минуттардан бастап жоғары қарқында басталды! Бразилиялық ойыншылар Жуниньо мен Кассано, Байтана, Қайыров, Кәкімовтер белсене ойнап, қарсылас апшысын қуырумен болды. Анжи де өз кезегінде стандартты шабуылдарға иек артып көрген, қорғаныс пен қақпашы Сидельников сыр бермеді. Бірінші тайм алма кезек шабуылдармен өрбіді. 1-тайм түгесілер тұста Жуниньоның қолмен қойғандай етіп берген пасын голға айналдырған Байтана командасына жеңіс сыйлады.

Сондай-ақ

«ДЖИРО Д’ИТАЛИЯ»-2017 ТОМ ДЮМУЛЕН ЖЕҢІМПАЗ

Мерейтойлық 100-ші «Джиро д’Италия» бүгін Милан қаласында 21-ші кезеңмен өз соңына таяды. «Джиро д’Италия»-2017 жеңімпазы «Sunweb» …