Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ ҮШІН ТАБАТЫН ҚАРАЖАТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ ҮШІН ТАБАТЫН ҚАРАЖАТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Танымал испандық AS.com басылымы, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін екінші жекпе-жектері үшін табатын қаражаттарын жариялады.

Басылым WBC президенті Маурисио Сулейманға сілтеме жасай отырып, екінші жекпе-жек үшін Альварес 30 миллион доллар алса, ал Головкин 20 миллион алатынын жазады. Сонымен қатар бұл соммаларға HBO арнасының PPV ақылы көрсетілімдерінің бөлігі қосылатын болады. Бұл жерде мексикалық боксшы үлкенірек пайызды өзіне алады, себебі ол қазіргі кездегі PPV ақылы көрсетілімдерінің басты жұлдызы.

Мәліметтер бойынша, Канело бірінші жекпе-жек үшін жалпы 50 миллион доллар, ал Головкин 20 миллион долларға байыған.

Айта кетсек, Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жектері мансабындағы әзірге ең қомақты табыстары. Бұған дейінгі жекпе-жектерінде Головкин, Давид Лемье және Доминик Уэйдпен шаршы кездесіп әр қайсынан 2 миллион, Келл Брукпен өткізген жекпе-жектен 4 миллион, ал Дэниэл Джейкобспен өткізген жекпе-жектен 2,5 миллион доллар табыс тапты. Соңғы өткізген жекпе-жегінде отандасымыз, Ванес Мартиросянды жеңіп, тек 1 миллион доллар ғана табысқа қол жеткізген.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир басталды, деп ақпараттық …